"Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ мен "ҚазАзот" АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ мен "ҚазАзот" АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою арқылы "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жылына 660 мың тн аммиак; 395 мың тн азот қышқылын; 577 мың тн карбамид ; 500 мың тн аммиак селитрасын өндіруді көздейтін аммиак-карбамид кешенін салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А. Т. Қабашев АЭА қызметімен таныстырып, жаңа өндірістер құру арқылы өңірді одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, "ҚазАзот" АҚ Бас директоры А.А. Мәулешев инвесторларды мемлекеттік қолдау құралдарын ескере отырып, АЭА аумағында жобаны іске асыруға ерекше қызығушылықты атап өтіп, жобаны одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде іске асыруға кірісті.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 183